Басталуына дейін:

күн сағат минут секунд
UCI
"Қазақ велошабандоздары өсіп шықты". Қалетаев - "Алматы Туры" және "Астана" құрамы жайлы

01 сентября

"Қазақ велошабандоздары өсіп шықты". Қалетаев - "Алматы Туры" және "Астана" құрамы жайлы

shareДостармен бөлісу

Қазақстан велоспорт фпедерациясының президенті, ҚР Президенті әкімшілігінің жетекшісінің орынбасарыДархан Қалетаев Vesti.kz сайтына берген сұқбатында Tour of Almaty жарысын дамыту жайында айтты. Оның ойынша жарысты ұйымдастыруға енді Алматы облысы да ат салысуы қажет. Естеріңізге сала кетейік «Алматы Туры» екі күнге созылып, 31 тамыз күні аяқталды. Жарысты «Астана» велокомандасының шабандозы Юрий Натаров жеңді.

- "АлматыТуры" уже себя показал. Я считаю, что он уже занял достойное место в календаре мирового велоспорта, - сказал Калетаев. - "Алматы Туры" өзін көрсетті. Менің ойымша бұл дода әлемдік спорт күнтізбесінен ойып тұрып орын алды. Енді жарысқа Алматы облысыда қосылғаны дұрыс. Шарын шатқалы секілді керемет табиғи байлығы бар аймақ жарыстың серіктесі болуы қажет. Түбінде облыс басшылығы осындай шешім шығарады деген үміттемін».

Негізі жарыстың мәресін Шымбұлаққа дейін созуға болады. Бірақ, ол үшін Шымбұлаққа шыға алатын деңгейі бар командалар келуі керек. Велоспорт федерациясының президенті ретінде «Алматы турының» 10-шы мерейтойлы жарысын өткізуге жазсын деп жүрмін.

- Байбектің кезінде Алматы велосипед қаласына айналды. Енді жағдай қалай өрбуі мүмкін?

- Ештеңе өзгермейді деп ойлаймын. Мәселе әкімде емес, мәдениетте ғой. Оны өзгерту қиын. Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев қаланың велосипед мәдениетіне одан әрі үлес қосады деген сенімдемін. Ол кісі бұл тұрғыда жақсы ойлайды. Мен Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбекке алғыс айтқым келеді. Ол жарыстың дамуына зор үлес қосты. Өзге әкімдер одан үлгі алуы қажет.

- "Астана" "Алматы Турынатаза қазақстандық шабандоздармен шықтыДемек, түгел бір буын өсіп шықты дей аламыз ба?

- Иә, бір буын өсіп шықты. Олар тек «Астана» сапында ғана емес, барлық ел аймағынан шығып жатыр. Өкінішке орай «Астана» федерация құрамына емес, Президенттік кәсіпқой клуб қатарына кіреді.

Келесі маусымда команда сапында Андрей Зейцтің болмайтыны қиын болып тұр. Ол біздің құрама үшін өте маңызды шабандоз. Себебі, біз келесі жылғы Токио Олимпиадасына дайындалып жатырмыз. Дегенмен Зейц өзге команда жүріп жоғалып кетпес деген үміттеміз. 

Дегенмен, велоспорт өте жақсы дамып келеді. Мен велоспортты дамытуға үлес қосып жүрген Александр Винокуровке алғыс айтамын. Сосын нәзік жандылар арасында осы спортты дамытып жүрген Зульфия Забироваға да ризамын. Осындай адамдар велоспортты алға қозғалтып жүргендер. Біз Токиода жақсы нәтиже күтеміз.