Сіз «TourofAlmaty» атмосферасына қайтадан енгіңіз келе ме?
Жанкүйерлер бұл жарысты ерекшелендіреді, себебі олар бұл жарыстың ажырамас бөлігі болып саналады және де спортшыларға қосымша күш береді. Орталық Азия мемлекеттерінде теңдесі жоқ, әлемдік деңгейдегі кәсіпқой мамандардың арасындағы сары көйлек үшін шайқастың жеңімпазы сені күтеді!
Сөре кезеңінің алдында бұл жерде командалардың ресми таныстырылымы өтеді. Осыдан кейін сіз барлық жарыс күнінің бойында өтетін, трассадағы оқиғаларды үлкен экранның тікелей эфирінен бақылай аласыз.
— Жеке велосипедпен
— Қоғамдық транспортпен. №57, 122, 7 автобус бағыттары.
Алматы қаласының әкімшілігі берілген бағыт бойынша автобустардың санын ұлғайтады.
— Жеке автокөлікпен. Тұраққа Момышұлы көшесінен кіресіз.
«Халық Аренаның» алдындағы алаң дәстүрлі түрде екінші кезеңнің шығу нүктесі ретінде қалады. Әуесқойлар жарысушының қашықтыққа шығу барысын өз көздерімен көргісі келгендіктен, әдетте, бұл жерде веложарыстың ең жанқияр әуесқойлары жиналады.
— Жеке велосипедпен
— Қоғамдық транспортпен.
№ 4, 11, 17, 20, 23, 37, 38, 54, 59, 62, 65, 69, 117, 120, 203, 205, 351, 355, 406, 410, 415, 418, 419, 420, 425, 435, 436 автобус бағыттары
— Жеке автокөлікпен. Тұраққа Кульджа тракты жағынан кіресіз.
«Медеу» биік таулы мұз айдыны «TourofAlmaty» екінші кезеңнің мәресін қайтадан қабылдайды. Бұл жерде сіз жарыс шешуші сәтін өз көзіңізбен ғана көрмей, сондай-ақ үлкен экраннан трассадағы оқиғаларды бақылай аласыз, сонымен бірге жүлделер мен кәдесыйлықтардың ұтыс ойынына қатысуға болады.
— Жеке велосипедпен.
Велосипедпен келген алғашқы 20 адам Ұйымдастыру комитетінен кепілдендірілген сыйлықтар алады. Ол үшін «TourofAlmaty» мәре аркасының аясында велосипедпен бірге суретке түсіп, Instagramға #tourofalmaty2019 хэштегін енгізіп, сахнаға келіп, Ұйымдастыру комитетіне +7 705 333 36 37 нөмірі бойынша қоңырау шалып, сыйлығыңызды алып кетуге болады.
— Қоғамдық транспортпен. №86, 62, 63, 65, 127 автобус бағыттары.
Алматы қаласының әкімшілігі берілген бағыт бойынша автобустардың санын ұлғайтады.
— Шаттл-баспен. 10:00-ден 12:00-ге дейін мәреге ақысыз шаттл-бастар жүріп тұрады. Көрермендірдің жиналу орны- Достық көшесі мен Құрманғазы көшесінің қиылысы, «Дареджани» мейрамханасына қарама-қарсы алаң. Автобустарда «TourofAlmaty» логотипі жазылған тақтайшалар болады. 16.30-дан бастап шаттл-бастар көрермендерді «Медеуден» төменге түсіре бастайды.
— Жеке автокөлікпен. Көлік құралдарының қозғалысы шектелгенше дейін, 11:30 дейін келуге тырысыңыз. Автокөлікті Достық алаңының «Медеу» кіреберісіне жақын жерде тұраққа қоюға болмайтындығын міндетті түрде есте сақтаңыз, олар жарысушылардың қозғалысына кедергі жасағандықтан эвакуацияланады.
Мұз айдынының жанындағы тұрақ аймағы веложарыстың қажеттілігіне жұмсалатындықтан бос болмайды, сондықтан жеке автокөлік құралдарыңызды «Медеу» базалық станция аймағында қалдыруыңызды сұраймыз.
Көрермендер көрсетілімді тікелей эфирден максималды көлемде «QAZSPORT» республикалық телеарнасынан бақылай алады. Одан басқа, бағыт бойынша екінші кезеңнің шешуші бөлігі 60 миллионнан жоғары көрермендері бар «Eurosport» телеарнасының эфирінде көрсетіледі