Басталуына дейін:

күн сағат минут секунд
UCI

Алматы Туры 2019

Орталық Азия мен Қазақстан тарихындағы ең ірі кәсіби веложарыс Алматыда жетінші мәрте ұйымдастырылмақ.

«Алматы Туры» қайта өтеді! Еліміздің биылғы жылғы ең басты спорттық шараларының бірі екі кезеңмен – «Патшалық финиші» Медеуде аяқталатын сайыс 30-31 тамыз күндері өтеді. Дәстүр бойынша әлемдік велоспорттың жарқын жұлдыздарының спорттық бәсекесін тамашалау үшін алматылық «Турға» билет алудың қажеті жоқ. Біздің сайтымыздың «Жанкүйерлерге» бөлімінде жарысты қызықты қай жерден тамашалауға және Медеудегі финишке тегін қалай жетуге болатыны жайлы толық ақпарат бар.

Жетінші жыл қатарынан өтетін «Алматы Турының» алға қойған ең басты мақсаты – ол әлемдегі ең танымал спорт түріне телетрансляция көрермендерін, алматылықтар мен қала қонақтарының қызығушылығын арттыру. Қазақстандық велошабандоздар кәсіби турларда өнер көрсетіп жүргендеріне он жылдан аса уақыт өтті. Шабандоздарымыз әлемдік додалардағы өз жеңістерімен Қазақстанда велоспорт жанкүйерлерін байланыстырып үлгерді. Өз кезегінде «Алматы Туры» жылдан жылға еліміздегі осы спорт түрінің жанкүйерлер санын арттыруда.

Соңғы алты жылда «Алматы Турының» алматылықтардың осы жарысқа деген қызығушылығының арқасында, сонымен қатар Винченцо Нибали, Якоб Фульсанг, Луис Леон Санчес, Фабио Ару, Алексей Луценко сияқты тағы да басқа велоспорт жұлдыздарының сайыста өнер көрсетуімен мәртебесі артты. Әлем чемпионы және Азия ойындарының үш дүркін жеңімпазы Луценко үшін «Алматы Туры» Әлемдік Турлардың ішіндегі оның ең сүйікті веложарысы болып табылады. Ол осы жарыста төрт жыл қатарынан жеңіске жеткен. Шамалы үзілістен кейін ол Алматы жолдарына қайта оралуды жоспарлап отыр.

Дегенмен, биылғы жылы қазақстандық шабандоздарға жеңіске жету бұрынғыдан да қиынырақ болады. Себебі оларға құрлықтық командалар мен әлемнің бірнеше құрама командалары бәсекелес болмақ.

Толығырақ жарыс жайлы:

«Алматы Туры-2019» велододасының алғашқы кезеңі  30-тамыз күні сағат 12:00-де «Алматы Аренадан» басталады. Жарыс жолы Б.Момышұлы көшесімен индустриалды паркке дейін жалғасады. Ол жерде шабандоздар 7 айналым жасап, кезең қайта «Алматы Аренада» мәресіне жетпек. 1-кезеңнің жалпы ұзақтығы 118 шақырымды құрайды.

Дәстүр бойынша 2-кезеңнің ұзақтығы 160 шақырым және таныс бағытпен өтеді. Шабандоздар «Халық Аренадан» жарыс жолына шығып, Шығыс айналма жолымен 4,5 айналым жүріп өтеді. Кейін Әл-Фараби көшесінен Президенттік саябаққа, содан сол жарыс бағытымен шабандоздар қайта жүріп, Достық даңғылына бұрылып, Медеуге жол тартады. Спортшылар Медеуде екі күндік жарысты қорытындылайтын болады.

«Алматы Туры-2019» велододасының бас хабар таратушысы ретінде «Qazaqstan» телерадиокорпорациясының спорттық телеарнасы «Qazsport» көрсетеді. Сонымен қатар, 60 миллионнан аса көрермені бар «Eurosport» телеарнасынан 2-кезеңнің тікелей көрсетілімі жоспарланған.