Басталуына дейін:

күн сағат минут секунд
UCI
Тартыс өршіп барады: Astana Tour of Almaty жарысының жеңісін алғаш рет өзге командаға берді

30 августа

Тартыс өршіп барады: Astana Tour of Almaty жарысының жеңісін алғаш рет өзге командаға берді

shareДостармен бөлісу

Бүгін, 30 тамыз Tour of Almaty-2019 веложарысының алғашқы кезеңі өтті. Шабандоздар жазық аймақта, ұзақтығы 118 шақырым болатын жарыс жолын бағындырды. Кезеңнің сөресі мен мәресі көпфункционалды «Алматы Арена» спорттық кешенінің аумағында өтті.

Жарыс жолы ұзақ болмағандықтан әр түрлі болжамдар айтылды. Бас классификацияның фавориттері мен алға озған топтың шабандоздары спритнерлерді қоршап алу үшін пелотонды бірнеше топқа бөліп тастауға тырысты. Ал өз кезегінде спринтерлік командалар көрермендердің кезең жеңімпазы финиште негізгі топ арасынан анықталғанының куәсі болуы үшін барын салды. 

Нәтижесінде алғашқы кезеңдегі жеңіс үшін алға озған топ шабандоздары өзара таласқа түсті. Польшалық CCC Development Team командасының велесебедшісі Патрик Штох финишке алғашқы болып келді. 1-орын иегерін анықтау үшін фотофиништің көмегіне жүгінуге тура келді. Vino - Astana Motors командасы үшін өнер көрсетіп жүрген Матвей Никитин 2-орын иеленді. Neri Sottoli - Selle Italia – KTM командаасының өкілі Давиде Габуро 3-нәтиже көрсетті. Олардың уақыт көрсеткіші 02:37:34. Атап өтетін бір жәйт, италиялық аралық бонификацияға ие болғандықтан бас классификация бойынша Никитин мен Габуро орын алмасты. 

"Біздің жоспар бойынша барлығымыз кезеңді бірге бастап, содан соң маған алға озу керек деген тапсырма келді. Тек желдің кесірінен басында алға шыға алмадым. Бізде содан кейін нақты жоспар қалыптасты. Командамыздың жеңіске деген мүмкіндігі бар деп үміттенемін», - деп бөлісті Габуро.

1-кезең қорытындысы бойынша Никитин үздік қазақстандық шабандоздың жейдесін киді. 

 

"Ертең таулы аймақта өтетін кезең алдында барлық мықтылар алға озуға тырысады. Себебі алғашқы күні қаншалықты басымдылыққа ие болатын болсаң, екінші күні «Медеуде» бас классификацияны жеңіп алу соншалық оңайға соқпақ. Ең алдымен бірінші орынға көшбасшы топта болғандар шығады. Кейбіреулер алға озуға тырысты. Ал басқалары кезеңде жеңіске жету үшін уақыт жағынан ұтуға талпынды. Ертең бас классификациядағы жүлделі орындар үшін бүгін көшбасшы топта болған шабандоздар арасында талас болады. Ең басты фавориттердің бірі – ол «Астана» шабандозы Александр Власов», - деді ол. 

 

Ертең, 31-тамыз күні жарыстың 2-кезеңі өтеді. Қатысушылар Halyk Arena-дан басталатын 160 шақырымдық жарыс жолын жүріп өтеді. Кезең «Медеуде» аяқталады. Содан кейін Tour of Almaty-2019 жеңімпазы анықталады. Патрик Штох жарыс жолына көшбасышының сары жейдесімен шығады.