Басталуына дейін:

күн сағат минут секунд
UCI
Tour of Almaty-2019 жарысында жүлде үшін 21 команда таласқа түседі

29 августа

Tour of Almaty-2019 жарысында жүлде үшін 21 команда таласқа түседі

shareДостармен бөлісу

30-31 тамыз күндері Алматыда жетінші мәрте халықаралық кәсіби Tour of Almaty веложарысы өтеді.

UCI талаптарына сәйкес халықаралық кәсіби веложарысқа кәсіби командалар, құрлықтық командалар, сонымен қатар ұлттық құрамалар қатыса алады.

Биылғы жылы «Tour of Almaty» пелотоны әлемнің әр бөлігінен келген 21 команданы бір жерге жинамақ. Көпкүндік Asia Tour-дың бір бөлігі екенін ескеретін болсақ, дәстүрлі түрде оған бірнеше азиялық командалар қатысады. Олардың арасында малайзиялық екі велокоманда - TERENGGANU INC TSG CYCLING TEAM және TEAM SAPURA CYCLING бар. Олар әр түрлі тапсырмаларды орындауымен ерекшеленеді. Жергілікті шабандоздар трек саласындағы тамаша дайындығымен спринтерлік командаларды құраса, шетелдіктер екінші кезеңдегі және бас классификациядағы жоғарғы орындар үшін таласқа түседі.

Олардың географиялық көршілері әрі қарсыластары құрама жасақтау барысында әр түрлі қағидаларға сүйене отырып жинақталған. Жапониялық INTERPRO CYCLING ACADEMY тек бір ғана жапониялық  шабандоздан және алты легионерден құралғанын жариялады. Гонконгтан келетін HKSI PRO CYCLING TEAM жергілікті спортшыларына үміт артып отыр. Және олардың бапкері атақты франциялық маман Эрве Дагорне

Алматыға былтыр Симон Пеллоның жетекшілігімен жалпы есепте 2-орын иеленген америкалық TEAM ILLUMINATE командасы да келеді.

Көптеген еуропалық құрлықтық AKROS – THÖMUS, CCC DEVELOPMENT TEAM және HRINKOW ADVARICS CYCLEANG сияқты командалар жылдағыдай жас шабандоздарды көп алып келеді. Ал қалғандары таңдаулы шабандоздарымен келеді. Алматыға келгендегі олардың мақсаты тәжірибе жинау емес, жақсы нәтиже көрсету. Олар VOSTER ATS TEAM, MEMIL PRO CYCLING, AS SPARTA PRAHA және AMORE & VITA – PRODIR командалары.

Сонымен қатар көпкүндіктің жарыс жолына бірден үш ұлттық командалар – Қазақстан, Түркия, Әзербайжанның құрамалары шығады. Жарысқа қатысатын GAZPROM-RUSVELO, DELKO MARSEILLE PROVENCE и NERI SOTTOLI – SELLE ITALIA – KTM құрлықтық командалары да алға үлкен мақсат қойып отыр. Және Александр Власов, Жюльен эль Фарес және Хавьер Морено сияқты шабандоздардың жоғарғы нәтижеге қол жеткізе алатындай мүмкіндігі бар.

Қазақстандықтарға да  жанкүйерлік ететін командалар болады. Ұлттық құрамадан бөлек жарыс жолына VINO-ASTANA MOTORS, APPLE TEAM, сонымен қатар көпкүндікке дәстүрлі түрде қатысып жүрген ASTANA PRO TEAM командалары бар. Ескере кететін бір жәйт, биылғы жылы сайысқа  Әлемдік турда өнер көрсетіп жүрген қазақстандық велокоманда атынан тек отандық шабандоздар қатысады.

Естеріңізге сала кетсек, халықаралық кәсіби Tour of Almaty веложарысы қатарынан үшінші жыл екі күн өтеді. Алғашқы күні, 30 тамыз шабандоздар Индустриалды саябақ аумағында 118,6 шақырым  жарыс жолын жүріп өтеді. Екінші күні, 31 тамыз жарыс бұрынғы бағыт бойынша өтеді. 160 шақырымдық кезең «Медеуде» өз мәресіне жетпек.