Басталуына дейін:

күн сағат минут секунд
UCI
Екі тікұшақ, 25 камера және 900 келі құрал-жабдық. «Алматы туры-2017» трансляциясы қалай жүзеге асырылады

28 сентября 2017

Екі тікұшақ, 25 камера және 900 келі құрал-жабдық. «Алматы туры-2017» трансляциясы қалай жүзеге асырылады

shareДостармен бөлісу

30 қыркүйекте «Алматы туры» халықаралық кәсіпқой шоссе веложарысы басталады

Биыл алматылықтардың дәстүрлі «қалалық» айналымды ғана емес, таулы жердегі доданың куәсі болуға мүмкіндігі бар - бұл Медеу мұз айдынына шығар жол (1 қазан)

Жарысты өз көзімен көруге келе алмайтын қазақстандықтар үшін толық көлемде трансляция жоспарланған – Qazsport телеарнасында екі кезең. Сонымен қатар, әлемнің  «Алматы турына» деген қызығушылығы мен өкілеттік құрамын есепке ала отырып, екінші кезеңнің трансляциясы әлемнің 47 елінде аудиториясы 50 миллион адамнан асатын «Еуроспорт 2» телеарнасында да жоспарланып отыр.

Кадрының сапасы Гранд-тур деңгейіндегі жарыстардан бір кем түсірмеу – ұйымдастырушылардың қазір айналысып жатқан мәселесі. Трансляцияға 25-тен аса телевизиялық камера, 3 көшпелі телевизиялық станция (КТС), екі мотоцикл және екі тікұшақ тартылатыны белгілі.

Әуеден түсіретін видеоаппаратураның жалпы салмағы 900 келіден асады.

Қазақстан велосипед спорты вице-президенті Аманбек Құлшықов атап өткендей, шосседегі веложарыстың видеотүсірілімі, оның үстіне осы шақ режиміндегісі ерекше болғаны соншалық, оны жарысқа дейін ерте бастан дайындауды қажет етеді:

«Қазақстанда қазіргі уақытта түсірілімге қажетті мұндай жабдық жоқ, осындай құрал-жабдықпен жұмыс істей алатын мамандар да жоқ, сондықтан шетел мамандарын шақырдық. Старт пен мәре аймағында статикалық түсірілімдерге өз күшіміз жеткілікті болса, ал мотоциклден және тікұшақтан түсірілетін мобильді түсірілімдерді біздің италиялық әріптестеріміз жүзеге асырады.

Тағы бір қиындығы барлық құрал-жабдықты орнату мен баптауда. Түсірілімде қолданылатын барлық камера жылжымалы телевизиялық станцияға белгі беріп отырады, онда режиссер экранда қандай кадрдың көрсетілетінін шешуі тиіс. Ол операторларға қандай ракурстан түсіру керектігін, алыстау мен жақындау туралы, оза шыққандарды немесе пелотонды түсіру туралы кеңес айтып отырады. Мотоциклдер спортшылар тобының ортасында жүріп, оқиға орнынан жедел табыла біледі. 

Тағы бір мәселе: «Алматы туры» видеотүсірілімінде екі тікұшақ қолданылады. Біреуінен 220 метр биіктіктен түсірілім жасалса, екінші тікұшақ 2200 метр биіктікте болады. Себебі Алматының таулы аймағында сигналдарға кедергілер болуы мүмкін, сондықтан барлық камерадан сигналдар екінші тікұшаққа беріліп, ол жақтан көшпелі телевизиялық станцияға жолданады».

«Алматы турында» 25-тен аса видеокамера қолданылады.

«Алматы туры» жарысы барысында тікелей эфирде ресейлік журналист Сергей Курдюков комментатор болады: оның даусы «Еуроспорт» аудиториясының арасында «Тур де Франс», «Джиро Д’Италия», «Испания Вуэльтасы» және т.б. жарыстардан ТМД елдерінде танымал.

Осылайша, бесінші, мерейтойлық «Алматы туры» телеарна көрермендеріне ең жоғары деңгейдегі велодода әсерін толықтай сезіне алады деп сенуге болады. Әлем бойынша миллиондаған көрермен Қазақстанның ең әсем қалаларының бірінің қайталанбас атмосферасын сезіне алады. Олар велосипедшілермен бірге мегаполистің жарқырап тұрған көшелерімен жүріп, таулы ландшафттың сұлулығына көз салып, «саяхаттың» финалдық нүктесінде аңызға айналған «Медеу» мұз айдынына шығады.