Басталуына дейін:

күн сағат минут секунд
UCI
"Алматы туры-2017" велододасының Медеудегі мәресін тамашалағысы келетіндерге тегін автобустар жүреді

28 сентября 2017

"Алматы туры-2017" велододасының Медеудегі мәресін тамашалағысы келетіндерге тегін автобустар жүреді

shareДостармен бөлісу

"Алматы туры-2017" екінші кезеңінің Медеудегі мәресіне қалай баруға болады?

Алматылық турдың ең әсерлі бөлігі 1 қазанда аңызға айналған мұз айдынында болады және сондықтан жарыстың ең қызған сәтін тамашалағысы келгендерге Медеуге жеткізетін көлік ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.

Тегін автобустар Достық даңғылы мен Құрманғазы көшесінің қиылысында ("Дариджани" мейрамханасына қарсы тұс) сағат 9.30-дан бастап жүреді. Соңғы автобус 11:30-да кетеді. Автобустар әр 20 минут сайын (немесе жолаушылар толық болғанда) жүріп отырады. Медеуге рейс автобустары да осы уақытқа дейін жүреді. Ал қайтарда тек рейс автобусымен түсуге болады.

Мәреге өз көлігімен барғысы келетіндердің назарына! 11:30-ға дейін келулеріңіз керек, себебі Достық бойымен Медеуге дейін жол шектеледі! Жол соңғы қатысушы мәреге жеткенде ғана ашылады. Сонымен қатар, көлікті Достық көшесінің бойында Медеуге кіреберісте қалдыруға рұқсат жоқ - олар велошабандоздардың қозғалысына кедергі келтіреді, эвакуатор жұмыс істейді!