Басталуына дейін:

күн сағат минут секунд
UCI
Tour of Almaty-2019 ұйымдастырушылары мен қатысушылары жарысқа дайындық барысы жайлы айтып берді

28 августа

Tour of Almaty-2019 ұйымдастырушылары мен қатысушылары жарысқа дайындық барысы жайлы айтып берді

shareДостармен бөлісу

2019-жылдың 28 тамыз күні Алматыда жетінші халықаралық кәсіби Tour of Almaty-2019 веложарысының өткізілуіне арналған пресс-бранч өтті.

Қаланың дайындығы мен алда өтетін жарыстың ерекшеліктері жайлы Алматы қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшісі Рүстем Байсейітов, UCI техникалық делегаты Пьер Хатсебаут, Әзербайжанның велоспорт Федерациясының бас хатшысы және UCI-дың құрлықтық, Азия және Таяу Шығыс аймағы бойынша кеңесшісі Фархад Алиев, сонымен қатар Astana Pro Team велокомандасының шабандоздары Артем Захаров және Никита Стальновтар әңгімелеп берді.

Tour of Almaty-2019 тағы да екі кезеңмен, 30-31-тамыз күндері өтеді. Жарыс барысында шабандоздар «Индустриалды парк» аумағында ұзақтығы 118,6 шақырымдық жарыс жолын бағындырады. Екінші күні жарыс бұрынғы бағыт бойынша өтеді. 160 шақырымдық кезең «Медеуде» өз мәресіне жетпек.

"Қала тұрғындары спортшыларға қолдау көрсетіп, мерекені сезіну үшін велобәйгеге келеді деп үміттенеміз. Жанкүйерлік мәдениетін веложарысқа енгізгіміз келеді. Біздің мамандар халықаралық жарыстарды ұйымдастырудан тәжірибесі зор. Веложарысты өткізу жоспарында ешқандай ерекше талаптар жоқ. Tour of Almaty-2019 бізде жетінші мәрте өтеді. Биылғы жылғы жарыстың ең басты ерекшелігі – бұл велобәйгенің өтетін күндері. Біз күздің ортасынан сайысты жаздың соңына ауыстырдық. Бұл уақытта қаланың бүкіл сұлулығын көруге болады. Велошабандоздарға да қолайлы болмақ. Бірнеше жыл бұрын біз нашар ауа-райына тап болғанбыз. Барлығы финиште жаураған шабандоздарды көрді. Менің ойымша жарыстың уақытын ауыстыру велододаның өтуіне жақсы әсер етеді», - деді Рүстем Байсейітов.

 

В Tour of Almaty-2019 велобәйгесінде Әлемнің 25 елінен келген 150-ден астам шабандоз бақ сынайды . Сайысқа қазақстандық кәсіби Astana Pro Team велокомандасы қатысады. Сонымен қатар Apple Team,Vino Astana-Motors қазақстандық командалары және Қазақстанның ұлттық құрамасы, жарыстың тұрақты қонақтары – құрлықтық  Gazprom-RusVelo  және Delko Marseille Provence KTM командалары да бар.

"Мен қаланың жарысқа дайын екенін және асыға күтіп отырғанын айтқым келеді. Коммуналдық қызметтер барлық жұмысты аяқтады. Ұйымдастыру бөлімі тарапына ешқандай сұрағымыз жоқ. Ұйымдастыру өткен жылдардағыдай өте жоғары деңгейде өтеді, - деп атап өтті Пьер Хатсебаут.Бұл қала үшін маңызды жоба. Жалпы жарыстың жүлде қоры 40 мың еуроны құрайды. Бұл әр түрлі номинацияар бойынша. Одан бөлек, Сіздер келер жылы Токиода Олимпиада ойындары өтетінін білесіздер. Және Tour of Almaty-2019 жарысында жиналған ұпайлар төртжылдықтың басты сайысына іріктеу барысында шабандоздар үшін өте маңызды.

Astana Pro Team шабандозы Артем Захаров алдағы кезеңдердің жарыс жолы оған таныс екенін айтты. «Медеуге» баратын жолмен қазақстандықтар жиі жаттығу жұмыстарын өткізеді. Ал индустриалды аймақтың тас жолында ол Қазақстан чемпионатын жеңіп алған болатын.

"Көңіл күйім тамаша, - деді Захаров. - Команда жоғары нәтиже көрсетуге дайын. Жарысқа Алексей Луценконың қатыспайтынына қарамастан біз лайықты өнер көрсетіп, жеңіске жетуге тырысамыз. Бірінші кезең қарқынды өтеді деп ойлаймын. Оған қоса біраз күшімізді алатын аптап ыстық жайлы да ұмытпауымыз қажет. Ұзақ емес, небәрі 20 шақырым болғанына қарамастан біраз күш сарпылады. Бізде тактикалық жағынан таулы аймақта жақсы жүретін екі адам бар. Ол Astana Pro Team атынан бірінші жыл өнер көрсетейін деп жатқан Юрий Натаров. Өткен жылдары ол «таулы аймақта» жақсы жүретін шабандоз ретінде көзге түскен еді. Ол қазір де сақадай сай. Сонымен қатар Никита Стальнов та таулы аймақта жақсы жүреді. Тағы да қайталап айта кетсем, алғашқы кезеңнің нәтижесінен кейін кімнің жеңіске қандай мүмкіндігі бар екенін айқындауға болады».

Astana Pro Team капитанының кім болатынын атап айтқан жоқ. Бірақ, жарыстың басты фавориттерінің бірі Никита Стальнов команданың тактикасы жайлы біраз айтып берді: «Бүгін кімнің бабы қандай екенін  сарапқа салып, бір шешімге келеміз. Себебі алғашқы жарыс күні әркімнің өзін көрсетуге мүмкіндігі бар. Ал екінші жарыс күні кімнің жарысты бақылауда ұстай алатынын анықтаймыз. Бірінші күні барлығы түсінікті болады деп ойлаймын»

Фархад Алиев жыл сайын Tour of Almaty велододасының ұйымдастырылуы жылдан жылға жақсарып келе жатқанын атап өтті. Қазақстан мен Орталық Азиядағы жалғыз ең ірі кәсіби жарыстың уақыт өте келе тарихы үлкен болады деп үміт білдірді.

"Биыл маған ұйымдастырушылардың Tour of Almaty барысында жолдардың шектелуі жайлы тұрғындарға ақпарат таратқаны өте ұнады. Видероликте барлығын айқын түсіндірді. Және осылардың барлығы туралы алдын ала ойлап, қандай жолдармен айналып өтуге болатыны жайлы айтылғаны да ұнады. Ұйымдастыру жұмыстары жоғары дәрежеде жүріп жатыр», - деді Алиев.

Алғашқы кезеңнің қорытындысы бойынша 30-тамыз күні Qazsport телеарнасы бір сағаттық бағдарлама көрсетеді. Екінші кезеңді спорттық телеарна толықтай тікелей эфирде трансляциялайды. Сонымен қатар Eurosport екінші кезеңді 31-тамыз күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 14:00-ден 15:00-ге дейін, жарыстың маңызды сәттері мен финишін көрсетеді. Tour of Almaty велододасын Qazsport телеарнасында дәстүр бойынша велоспорттың ең танымал дауысы Сергей Курдюков комментаторлық етеді.