Басталуына дейін:

күн сағат минут секунд
UCI
Патриотизм және жаңға жағымды жадаулық: Tour of Almaty еріктілердің қағидасы

02 сентября

Патриотизм және жаңға жағымды жадаулық: Tour of Almaty еріктілердің қағидасы

shareДостармен бөлісу

Қазақстанда еріктілер қозғалысы белсенді түрде дамып келеді. Осыған орай Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың келесі жылды Волонтерлер жылы деп жариялаған шешімі осы кезде өте маңызды бастама болды.

Қазақстандықтар үшін ірі республикалық және халықаралық іс-шараларда жүздеген жастар сіздің сұрақтарынызға және іздеген жерінізді тауып беруге көмектеседі.  Жақында Алматыда жетінші рет өткен Tour of Almaty – 2019 халықаралық кәсіби веложарысы да осының бір көрсеткішісі болды.

Ұйымдастырушылардың  атап өткеніндей,  ағымдағы жылда өткен әлемнің түрлі елдерінен жүзден астам спортшы қатысқан веложарысы еріктілердің көмегінсіз сәтті өту мүмкін емес.

          Tour of Almaty жарысына еріктілер ретінде 43 адам қатысты. Еріктілер қозғалысының көшбасшысы Аламшо Гафуровтың айтуынша, балаларға Tour of Almaty ұйымдастыру комитетінің командасына кіру үшін  екі кезендік өте маңызды іріктеуден өтуге тура келді.  Басты талаптардың бірі-ағылшын тілін еркін меңгеру болды.

"Мен сізге айта алатыным, өтініштер көп болды және бір позицияға кем дегенде 4-5 кандидат үміткер болды. Келесі кезеңі екі тілде өткізілген сұхбат болған. Біз балалардың ағылшын тілі білімің тексердік және олардың қандай шетел тілдерін меңгергендігін анықтадық.  Осы "Алматы турында" волонтерлерге өте маңызды міндет берілген. Мысалы, велосипед командаларын алып жүру жұмысы бар. Бұл балалар үлкен қызмет майданың атқарады. Олардың жұмысың жарысты ұйымдастыру комитеті мен спортшылар арасындағы көпір деп атауға болады. Олар үнемі байланыста, нон-стоп режимінде жұмыс істейді. Келесі позиция-бұл "әуежай". Сіз білесіз бе, Алматы әуежайы біздің жарыстарымыздың беті болып табылады және "Алматы Турының" қонақтары бірінші және соңғы секундқа дейін біздің жылулығымызды сезуі өте маңызды.  Сондай - ақ, жарыстың бастау орны мен мәресінде тікелей жұмыс істейтін еріктілердің арнайы қызметі де бар", - дейді Аламшо Гафуров.

Ол, әрбір еріктілер үшін ірі халықаралық жарыстарға немесе іс-шараларға қатысу-баға жетпес тәжірибе екенін де атап өтті.

"Менің ойымша, еріктілердің жұмысында кемшіліктерден гөрі артықшылықтар бар. Егер шаршау туралы болса, онда бұл жағымды шаршау. Ең алдымен, еріктілер деген – ақысыз көмек көрсететін адамдар екенін есте сақтау қажет. Мұнда балалар, ең алдымен, идея үшін жұмыс істейді және олар маңызды оқиғаға қатысудан ләззат алады. Осыған тағы патриотизм деген тармақты жатқызуға да болады. "Алматы туры" - бұл Алматы мен бүкіл Қазақстан үшін имидждік іс-шара. Балалар жарысты ұйымдастыруға үлкен ықыласпен қатысады. Тек достарына айту үшін ғана емес, веложарысты ұйымдастыру деңгейіне шетелдік қонақтар лайықты баға беру үшін олар тырысады, - деп толықтырды сұхбаттасушы.

Сонымен қатар, tour of Almaty-да еріктілерге деген қарым-қатынас өте ұқыпты болғанын атап өтті. Алайда, Аламшо Гафуровтың айтуынша, еріктілерді тартатын барлық ұйымдар жастармен өзара іс-қимылдың осындай деңгейімен мақтана алмайды.

"Бізде жеке компаниялар болған, олар волонтерлерді тартты, бірақ жұмыс істеу жағдайың  жасамады. Мысалы, еріктілерге көлік уәде берілген, бірақ ол орындалмады. Нәтижесінде, олар әуежайға өз жүрісімен қараңғыда барды. Осы жағдай да оларды идея үшін жұмыс істейтінін тағы бір дәлелі.  Алматыда бірнеше ай бір шара өтті, онда еріктілер өздері жетекші болды, сахнаға шығып жүргізді. Себебі, арнайы жүргізуші болмаған, кейде соңдай жағдай болып тұрады", - дейді ол.

Біз Аламшо Гафуровтан өз өмірің волонтерлікке байланыстыруды шешкен жастарды не қозғалтатының сұрадық.

"Балалар түрлі себептермен келеді. Олардың бірі - шетелдік спортшылармен қарым-қатынас жасау мүмкіндігі. Біздің еріктілер жарыс қатысушылармен дос болыр кетуі жиі байқалады. - "Егер сен биыл болмасаң, біз Ұйымдастыру комитетіне сізді қайта алдыруға шағым жазамыз" деп кейде біздің жігіттерге шетелдік командалардың спортшылары жазады.  "Алматы турының" барлық шетелдік қатысушылардын айтуынша, әлемнің еш елінде біздің еріктілер сиякты спортшылардың қамын ойлап және қолдап жүретінің көрмегенің атап өтті. Бұл ұйымдастырушылардың еріктілерге деген дұрыс көзқарасы. Бізге деген қарым-қатынастары ұнайды, бізді қалай тамақтандырады, киіндіреді, жарыстан кейін "ништяктер" береді. Жарыс аяқталғаннан кейін еріктілер арасында көптеген жүлделер ойнатылады. Әрбір еріктіге халықаралық жарысқа қатысқаны туралы ресми сертификат беріледі. Біреулерге осы жай қағаз сияқты көрінуі мүмкін, бірақ біздің еріктілер шетелдік жоғары оқу орындарына түсу немесе ірі компанияларға жұмысқа орналасу кезінде ол ерекше мәнге ие болады. Сонымен қатар, "Алматы тур"-ының ұйымдастыру комитетінде бұрын  еріктілер ретінде жүрген үш қызметкер жұмыс істейді. Яғни, еріктілер үш жыл ішінде өздерін білікті мамандар ретінде көрсете білді", - деді ол.