Басталуына дейін:

күн сағат минут секунд
UCI
«Шарбақтан секіріп, жол жиегіне құлап қалды». Неліктен Tour of Almaty-2019 барысында көрермендерге қауіпсіздік қағидаларын сақтау маңызды

29 августа

«Шарбақтан секіріп, жол жиегіне құлап қалды». Неліктен Tour of Almaty-2019 барысында көрермендерге қауіпсіздік қағидаларын сақтау маңызды

shareДостармен бөлісу

Tour of Almaty-2019 барысында қатысушылар мен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жарыс күндері оңтүстік астанада ІІД қауіпсіздік шараларын күшейтеді. Полиция қызметкерлері екі кезең бойы жарыс жолында кезекші болады. Халықаралық велесебедшілер одағының UCI регламентіне сәйкес шабандоздардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ең басты міндеттердің бірі болып табылады.

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, мұндай шаралар жарыс барысында шабандоздардың құлап қалмауы және олардың көрермендермен соқтығысып қалмауы мақсатында жүргізіледі.

Өкінішке орай велоспортта жанкүйерлер қатысушылардың құлап қалуына және жарақат алуына себепкер болып жатады. Оған қоса өздері де зардап шегеді.

Сонымен, қазақстандық «Astana Pro Team» командасының капитаны колумбиялық Мигель Анхель Лопес биылғы жылдың маусым айында "Джиро д'Италия" суперкөпкүндігінің 20-кезеңінде көрерменнің кесірінен зардап шекті. Жанкүйер тас жолдың бойына шығып, финишке бірнеше шақырым қалғанда  асуда Лопеске кедергі келтірді. Нәтижесінде колумбиялық велесебедтен құлап, пелотоннан қалып қойды. Ал жанкүйер жарақат ала жаздады.

Katusha-Alpecin командасының шабандозы Максим Бельков «Вуэльта-2017» веложарысында жарақат ала жаздады. Біреу итеріп жібергендіктен шарбақтан секіріп, жол жиегіне құлап қалды. Бұл көрермендердің шабандоздарға кедергі келтірген сәттердің тек бірнеше мысалы ғана. 

Әрине, мұндай оқиғалардың барлығы әдемі кадр жасау үшін немесе қарсылас командаға кедергі келтіру үшін жанкүйерлердің ғана кесірінен болмайды. Кейбіреулер қауіпсіздік ережелерін сақтамай салғырт қарайтындықтан да осындай оқиғалар орын алады. Жазық индустриалды аймақта өтетін Tour of Almaty-2019 жарысының алғашқы кезеңінде шабандоздардың орташа жылдамдығы 50км/сағ құрайды. Ал финиші «Медеуде» орналасқан екінші кезеңде жылдамдық одан сәл төменірек болады. Бірақ, тау жолы тік орналасқандығын ескеретін болсақ соңғы шақырымдарда шабандоздар бар күшін салып жүреді. Оған қоса егер біреу байқаусызда олардың жолына алдарынан шықса шабандоздар байқамай қалуы мүмкін.

Tour of Almaty-2019 ұйымдастырушылары қала қонақтары мен тұрғындарына жарыс барысында өздерінің және спортшылардың өмірлеріне қауіп төндірмеу үшін мұқият болуларын, қауіпсіздік қағидаларын сақтап, полициялардың өтініші мен айтқандарын ескерусіз қалдырмауларын сұрайды.

Естеріңізге сала кетсек, Tour of Almaty Қазақстан мен Орталық Азиядағы маңызы зор, ең ірі халықаралық спорттық жарыс. Биылғы маусымда сайыс жетінші мәрте ұйымдастырылып жатыр. Екі кезең 30-31 тамыз күндері өтеді.