Басталуына дейін:

күн сағат минут секунд
UCI
30-31 тамыз Tour of Almaty-2019 барысында көлік қозғалысы қалайша шектеледі

27 августа

30-31 тамыз Tour of Almaty-2019 барысында көлік қозғалысы қалайша шектеледі

shareДостармен бөлісу

30-31 тамыз Оңтүстік астанада халықаралық Tour of Almaty-2019 кәсіби веложарысы өтеді. Екі жыл бұрын жарыс алғаш рет көпкүндік мәртебесін алды. Және осы жазда жарыс тағы екі кезең өтеді.

Tour of Almaty – Орта Азиядағы ең ірі веложарыстардың бірі. Аз уақыт ішінде велодода спортшылар мен велоспорт жанкүйерлері және туристер арасында да қызығушылық тудырып үлгерді. Жыл сайын жарыстың тікелей көрсетілімін «Eurosport» телеарнасы арқылы әлемнің 47 елінде  көрермендер тамашалайды.

Соның арқасында миллиондаған көрермендер Қазақстандағы өте әдемі қаланың көрінісінен ләззат алып, Алматының мәдени және тарихи атмосферасын сезіне алады. Пелотонмен бірге мегаполистің жарқыраған көшелерімен бірге жүріп өтіп, кейіннен атақты «Медеу» мұз айдынына көтеріледі.

Tour of Almaty-2019 ұйымдастырушылары қала тұрғындарының тілектерін ескеріп, жарыстың алғашқы кезеңінің бағытын өзгертіп, қаланың көлік қозғалысы көп орталық көшелерімен жүрмейтін болды.

Екі күн – 30-31 тамыз Алматының жолдары шабандоздар жүріп өткенше, тек уақытша ғана жабылады. Пелотон белгілі бір көшені жүріп өткеннен кейін бірден қозғалыс қайта жанданатын болады.

Осы жолы қаланың орталық көшелерінде көлік кептелісін туғызбау үшін Tour of Almaty велододасының алғашқы кезеңі «Индустриалды парк» аумағында өтеді. Бұл қаладағы қозғалыстың шектелуін барынша төмендетеді.

30 тамыз жарыс сағат 12:00-де "Алматы Аренадан" басталады. Шабандоздар солтүстік бағытта Момышұлы көшесімен, эко-бекетке дейін барады. Ол жерде көлік қозғалысы 11:45-тен 12:15-ке дейін шектеледі. Кейіннен пелотон бұрылып, «Индустриалды парк» аумағына кіреді. Ол жерде 7 айналым жасап, шамамен сағат 15:00-ге дейін болады.Соңғы айналым аяқталғаннан кейін велесебедшілер Момышұлы, Мөңке би,  Универсиадная көшелерімен "Алматы Аренаға" қайта оралады. Аталған көшелерде көлік қозғалысы 14:15-15:15 уақыт аралығында шектеледі. Жүргізушілерге  Солтүстік айналма жолмен жүруге кеңес береді.

Tour of Almaty-2019 жарысының 2-кезеңі 31-тамыз күні сағат 11:00-ден 15:30-ға дейін өтеді.  Велодода «Халық Аренаның» Талғар трактісі жағынан басталады. Бұл ауданда уақытша автокөлік қозғалысы 10:45-11:05 аралығында шектеледі. Одан әрі Халиуллин көшесіндегі жолайрықтан шабандоздар Шығыс айналма автокөлік жолымен жоғары жүреді. Әл-Фараби даңғылына жеткеннен кейін пелотон батысқа қарай Мұстафин көшесіне дейін жүреді. Содан кейін Халиуллин көшесіндегі жолайрыққа қайта келіп, 4.5 айналым жасайды. Жарыстың финалдық бөлігі Президенттік саябақ пен «Медеу» мұз айдыны арасында өтеді. Көлік қозғалысы 11:15-15:30 аралығында шектеледі. Қала тұрғындары мен қонақтарына осы уақыт аралығында Құлжа трактісі, Назарбаев даңғылы, Сейфуллин даңғылы және Жароков көшелерімен жүруге кеңес береді.

Естеріңізге сала кетсек, биылғы жылы Tour of Almaty жазда, 30-31 тамыз күндері өтеді. Алғашқы күні шабандоздар Индустриалды парк аумағында 118,6 шақырым  жарыс жолын жүріп өтеді. Екінші күні жарыс бұрынғы бағыт бойынша өтеді. 160 шақырымдық кезең «Медеуде» өз мәресіне жетпек.

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары, біз Сіздерді Орталық Азиядағы ең ірі Tour of Almaty-2019 веложарысын көрермен ретінде тамашалауға шақырамыз. 30-31-тамыз күндері қазақстандық командалар үшін жанкүйер болып, танымал велошабандоздарға қолдау көрсетіп, велосипед мерекесінің бір бөлігі болыңыз!